Қоқыс эволюциясы: Қарағандыда треш-арт стиліндегі көрме таныстырылады

Қоқыс эволюциясы: Қарағандыда треш-арт стиліндегі көрме таныстырылады

13 желтоқсанда Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайында "Қалдықтардан жасалған үздік арт-нысан" көрмесі ашылады. Экспозицияны ұйымдастырушы – облыстық білім басқармасының қолдауымен "Новое Время" ЖМ.

Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық проблемаларға және қалдықтарды қайта өңдеуге, шығармашылық пен тұрмыста қайталама шикізат пен материалдарды қайта пайдалануға назар аудару. Көрмеде облыстық колледждердің студенттік командалары арасында өткен байқаудың арт-нысандары таныстырылады.

Жұмыстар бес санатта ұсынылады: инсталляция; сурет, портрет, панно; мүсін, фигура; экологиялық қолөнер және тұрмыстағы пайдалы заттар; ұлттық ою-өрнек элементтері бар қайталама шикізаттан жасалған бұйымдар.

Басталуы сағат 15:00.

Көрме жыл соңына дейін жалғасады.

Кіру тегін.

Экспозиция "Экожастар" мектебінің жобасы шеңберінде Қарағанды облысы колледждерінің студенттерін экологиялық ағарту және эковолонтерлық бойынша өтеді.