Қарағанды облысында "Ұлытау" ұлттық табиғи паркі құрылды

Қарағанды облысында "Ұлытау" ұлттық табиғи паркі құрылды

Қарағанды облысында ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша Ұлытау шаруашылығы базасында "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Оның ауданы 58,9 мың гектарды құрайды.

Өткен жылы Ұлытау орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы аумағында бес гектарға 16,5 мың екі жылдық стандартты екпе көшет отырғызылды. Биыл екі гектарға 6,6 мың қайың көшеті отырғызылды. 

Оның аумағында жалпы ауданы 0,63 гектар бір уақытша тәлімбақ орналасқан.

"Ұлытау" Орталық Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады. Бұл өңірдің экожүйелерін қалпына келтіруге және бірегей табиғи кешендерді, тау-дала алқабын сақтауға, туристік әлеуеттің өсуін арттыруға ықпал етеді.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша