
Қарағандыда «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериал кастингі өтеді.
Кастинг шығармашылық ұжым үшін 6, 7, және 10-шы наурыз, ал қала тұрғындарына 8 мен 9-шы наурыз күндері сағат 9:00 ден 21:00-ге дейін болады. Мекен –жайы: Бұқар жырау к-сі, 25, С.Сейфуллин атындағы театр.
Театрдің хабарлауынша, сериал түсірушілері басты рөлге және қосымша мен эпизодтық рөлдерге актерлер іздеуде. Кастингке 3 пен 80 жас аралығындағы кез келген адам (ерлер, әйелдер және балалар) қатыса алады. Басты талап - қазақ тілінде еркін сөйлей білу керек. Әйелдер бояусыз, жасанды қас пен кірпіксіз болуы тиіс. Өтінішті қазірден бастап kazakhfilmcast@gmail.com электрондық поштасына жіберуге болады Ол жерге фотосуретіңізді жолдауыңыз керек (жақыннан түсірілген, бояусыз, фильтрден өтпеген, көзілдірік пен линзасыз, бас киімсіз, селфи болмауы керек + тұла бойыңыз толық көрсетілген фото ), сондай – ақ өзіңіз жайлы қысқаша мәлімет (аты – жөні, жасы, бойы, салмағы, білімі, түсірілімдегі тәжірибесі) болуы шарт.
Көпсериалды тарихи жобада қазақтың ұлы ханы Қасым ханның өмірі баяндалады. Бұл сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді.
Бұл жобаның көркемдік жетекшісі, «Воскресший Эртургул» сериалын түсірген түрік режиссері - Метин Гюнай.