Қарағандыда суағар құбырлары мен арықтар тазартыла бастады

Қарағандыда суағар құбырлары мен арықтар тазартыла бастады

Қарағанды қаласының жеке секторларында суағар құбырлары мен жыралар қардан тазартылуда. Осылайша коммуналдық қызмет су тасқынының алдын алып жатыр.
Биыл бұл жұмысқа "Тазалық Эксперт"компаниясы жауап береді. Ақпан айында Московская, Зелинский, Майлин, Библиотечная, Совхозная, Серов, Социалистическая, Роза Люксембург, Лиза Чайкина және тағы басқа көшелері – барлығы 5312, 3 текше метр қардан тазартылды. Сондай-ақ, Чкалов, Бадин, Попов, Медицинская, Заводская көшелеріндегі 452 суғар құбыры аршылды.
Тазаланатын арықтар мен құбырларды "Тазалық Эксперт"компаниясының мамандары таңдайды. Олар түскен қардың мөлшері мен асфальт жамылғысының болуына назар аударады.
"Қазгидромет" болжамы бойынша жақын күндері республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарлайды деп күтілуде.