Станиславский атындағы театр белгілі әртістің мерейтойлық бенефисіне шақырады.

Станиславский атындағы театр белгілі әртістің мерейтойлық бенефисіне шақырады.

К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрында 2-ші наурыз күні әртіс Людмила Пекушеваның мерейлі кеші өтеді.
Кеште Д.Кристнердің «Знойные мамочки» қойылымы көрсетіледі. Аталмыш спектакльде мерейтой иесі басты рөлді сомдайды. Ал әріптестері болса, Людмила Пекушеваның құрметіне шағын қойылым дайындап жатыр.
Людмила Пекушева – Иркутскідегі театр училищесін және Б.Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік институтын бітірген. К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрында 1985 жылдан бастап еңбек етеді. Осы уақыт аралығында 80-нен астам рөлді сомдап, көрермен көзайымына айналған. Ол – М.Горьковтің («Васса Железнова»), Анфиса Громованың («Вдовий пароход» И. Грековой, П. Лунгина, 1987), Беатрисаның («С любовью не шутят» П. Кальдерона, 1992), Анисьяның («На золотом дне» Д. Мамина-Сибиряка, 1996), Тектидің («Қарагөз» М. Әуэзова, 2002), Нина Карминаның («Женитьба Белугина» А. Островского, 2004) және т.б басқа қойылымдарда ойнады.
Әртіс драма, трагедия, комедия және де басқа рөлдерді мықты сомдайды.
Людмила Пекушева Белградта өткен «Славия-2018» халықаралық театр фестивалінде - «Стена живых» қойылымындағы басты рөлі үшін «Малый Дон Кихот» премиясының лауреаты атанды.
Бүгінгі танда Людмила Пекушева ымдау және қол қимылы арқылы көрсету халық театрын басқарады.
ҚР театр өнеріне қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Осы уақытқа дейін алған түрлі грамоталары мен дипломдары да жетерлік.
Айта кетелік, мерекелік кеш 2-ші наруыз күні сағат 17:00 басталады.