
Инновациялық оталар радиожиілікті абляциялар әдісі бойынша Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникада жасалады. Мұндай технология арқа мен буындардағы ауруды ұзақ уақытқа жоюға мүмкіндік береді.
Радиожиілікті абляция әдісі емделушіге жіңішке ине көмегі арқылы ауырсыну пайда болатын жүйкені «күйдіреді». Мұндай оталар азинвазивті. Олар үлкен тілуді және қалыпқа келуді талап етпейді. Егер процедура сәтті өтсе, онда емделушіні 2-3 сағат өткен соң үйіне жіберуге болады. Бірақ хирургиялық араласу әсері үш-төрт жыл бойы сақталады. Одан кейін егер ауру қайта мазаласа, отаны қайта жасауға болады.
Мақажанов клиникасының үш маманы шетелде оқып, бұл техниканы толығымен меңгеріп алған. Сонымен қатар мұнда радиожиілік абляциясы үшін барлық құрылғы бар.
- Біз мамандарымызды оқытуды жалғастыра береміз. Бұдан бөлек, біздің клиникамызға шетелдік мамандар да келіп, дәріс оқиды, шеберлік сыныптарын өткізіп тұрады. Алдағы уақытта біздің кейбір дәрігерлеріміз тек ауру синдромы еміне мамандандырылады деген болжам бар. Бұл өте маңызды, себебі созылмалы дерті бар адамдар әлеуметтік өмірге араласа алмайды, яғни жұмысқа бара алмайды, серуендеу қиындау болады, бір сөзбен толық өмір сүруге кедергі келтіреді, - дейді Мақажанов атындағы клиника директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев.
Қарағандыға дәріс оқуға келген мәскеулік реаниматолог дәрігер созылмалы дерт жанын қинайтын адамдарды емдеу кез келген мемлекетке оларды емдеу кезінде қамтамасыз ету, мүгедектік рәсімдеу және тиісті жәрдемақы төлеу тиімсіз әрі 10 есе қымбатқа түсетінін айтады.
- АҚШ елінде қазір арнайы ауру клиникалары өте дамыған. Олар ауру синдромы бар ем қабылдаушыларды емдеумен айналысады. Үлкен тәжірибе жинақталған. Бұл біз үшін де тиімді, өйткені әріптестеріміздің жұмысында қателіктері мен ұтымды жақтарын да көріп, одан үйренеміз. Демек бұл саланы тезірек дамыта аламыз. Қазақстанда осы бағытта үлкен мүмкіндік бар деп санаймын, - деді Иван Портягин.
Қазір Мақажанов атындағы клиникада радиожиілік абляция әдісі бойынша аптасына екі емделушіге ота жасайды. Алайда, буындарында ауруы бар адамдардың барлығы бұл процедураға сенім арта алмайды. Себебі, ол кез келген адамға келе бермейді. Емделушіге ол қаншалықты жағатынын дәрігерлер тест-блокада жасайды, яғни ауру нүктесіне аз мөлшерде ауруды сездірмейтін препарат енгізеді. Егер сырқатты сезбесе, онда адамға инновациялық ота жасалады. Егер ауру сезімі басылмаса, онда мамандар ауру көзін іздеуді жалғастырады да, ең тиімді емделу жолын ұсынады.
Қарағанды облысында радиожиілік абляция әдісі арқылы ота тегін жасалады.