Қарқаралы ауданында жолдағы жағдай бойынша ақпарат

Қарқаралы ауданында жолдағы жағдай бойынша ақпарат

Қарқаралы ауданында Нұрмақов селолық округінде Егіндібұлақ- Ақтасты жергілікті маңыздағы жолды су басты.
Су жүру бұлақ суының көтерілуінен болғаны анықталды.Бұлақтың арнасын мұздан тазалау, кеңейту жұмыстары жүргізілді. Жолда су өту құбырлары аршылды, жол мұз қатпарларынан тазаланды.
Тіршілік нәрі су өткізу орындары арқылы өтуде. Жақын маңдағы елдімекенге қауіп жоқ.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі