
Бұл QR-код жүйесін Қарағандының Қазыбек би және Октябрь аудандарының соттарында, экономикалық және әкімшілік соттарда, сондай - ақ қылмыстық істер бойынша және кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша соттарда енгізілді.
Келушілер QR-кодты смартфонға арналған қосымша арқылы пайдалана отырып, соттардың мекен – жайы мен ондағы қызметкерлердің телефон нөмірлерін толық біле алады. Арызданушы үшін жаднамалар, татуластыру процедуралары бойынша жаднамалар арыз беру өтініштерінің үлгісі, қылмыстық істер бойынша өтініштер, мемлекеттік бажды төлеу үшін реквизиттарды алуға болады. Бұдан бөлек жәбірленушілерге өтемақы төлеу қор көздері туралы біле алады.
QR-код - бұл екі өлшемді штрих код. Оның негізгі артықшылығы сканерлеу жабдықтары арқылы, соның ішінде ұялы телефон мен планшет камерасымен оңай танылады. Жаңашылдық келушілер үшін ыңғайлы болу үшін енгізілді. Болашақта бұл жүйе облыстың барлық соттарында енгізілмек.
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі ақпараты бойынша