Болгарияда өткен турнирде Эльмира Сыздықова мен Хусейн Муцольгов қола жүлде иеленді

Болгарияда өткен турнирде Эльмира Сыздықова мен Хусейн Муцольгов қола жүлде иеленді

Токио елінде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға Қарағанды облысынан Эльмира Сыздықова мен Хусейн Муцольгов ең басты үміткерлер. Болгариядан алған қола жүлде оларға 4 ұпайдан бұйырып, олимпиадаға қатысуға жолдама алып берді.
Болгарияның Русе қаласындағы дәстүрлі турнир еркін және грек-рим күресі мен әйелдер күресі «Дан Колов – Никола Петров» 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтті.
76 келі салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен 3 орынды иеленді.
Ал, 87 келі салмақ дәрежесі бойынша Хусейн Муцольгов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлде салды.
Жалпы Қазақстан бұл турнирде 9 жүлде жеңіп алды. Оның біреуі – алтын, екеуі – күміс.