
«АрселлорМиттал Теміртау» компаниясы 8-наурыз мерекесі қарсаңында қара жұмыста жүрген нәзік жандылар арасында байқау ұйымдастырды. Финалға Болат және Көмір департаменттерінің әртүрлі бөлімшелерінде еңбек ететін 11 қыз шықты.
«Ал, АМТ арулары!» байқауының финалы өткен демалыс күндері Теміртау қалалық мәдениет үйінде өтті. Қатысушыларды құттықтауға белгілі әнші Айқын Төлепберген келді.
Жеңімпаздар сыртқы келбетімен ғана емес, тартымдылығымен, өзін көрсете білу мәдениетімен таңдалды. «Бейнетаныстырылымда» арулар өздері туралы қалжыңмен айтып өтті. Одан кейін олар өздерінің шығармашылық талантттарын танытты. Үшінші кезеңде еңбек қауіпсіздігін білу білімі бағаланып, арнайы жұмыс киімінде флешмобпен аяқталды.
Байқау қортындысы бойынша сумен қамтамасыз ету цехының насостық қондырғылар машинисті Светлана Гайнутдинова жеңімпаз атанды. Тәж орнына нәзік жандыға түрлі-түсті тастармен безендірілген каска сыйға тартылды. Басты сыйлық – ыдыс жуу машинасы бұйырды.
Светалана комбинатта 10 жылдан артық жұмыс істеп келеді. Қазір білімін жетілдіріп, екінші мамандықты меңгеріп жатыр. Спортпен шұғылданады: баскетбол, жеңіл атлетика, волейбол. Жарыстарға қатысып, көптеген жүлделерге қол жеткізген.
Ал, қалған қатысушыларға екі адамға демалыс күндеріне «Шахтер» демалыс үйіне жолдама тарту етілді.