Қарағандыда Масленица тойланады

Қарағандыда Масленица тойланады

10 наурыз, демалыс күні Қарағандыда Масленица тойланады. Қарағандылықтар мен қала қонақтарын сағат 12.00-де КМС алаңына көңіл көтеруге, байқауларға қатысуға, құймақтан дәм татуға шақырады.
Мерекені «Казачья вольница» этномәдени орталығы ұйымдастырады. Қонақтарға тәттілер мен шай ұсынылады.
Дәстүр бойынша соңында қыс тұлыбын өртейді.