Қарағанды музыкалық комедия театры «Мәңгі есімізде» жобасын бастады

Қарағанды музыкалық комедия театры «Мәңгі есімізде» жобасын бастады

Ағымдағы айдан бастап Қарағанды музыкалық комедия театрында «Мәңгі есімізде» жобасы көпшілікке жол тартты. 4 наурызда сағат 18.30 театрдың қызыл залында ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Иван Труновты еске алуға арналған «театрландырылған бейсенбі» өтті. Көрермен шараны тегін тамашалай алды.
- Бұл бірнеше жылға арналған жоба. Айына бір рет біз осындай бейсенбіні өткізіп отырмақпыз. Идея авторы театрымыздың жетекшісі Амантай Ыбыраев, дейді театрдың әдеби бөлімінің жетекшісі Наталья Морозова.
- 2015 жылдан бері жоба «Сіздерге жанымның жарығын тарту етемін» деп аталған. Жоба аясында труппаның әртістері жайлы арнайы кештер ұйымдастырылды. Шараның «Мәңгі есімізде» деп аталатын екінші бағыты аясында өнер ордасы ашылған кезден еңбек еткен және көрермен жадында қалған артістер жайлы сыр шертіледі. Бұл театр тарихы. Ол кезінде еңбек еткен және бүгін де өнер көрсетіп жүрген адамдарымен бай.
Иван Трунов И.Штраустың «Венские встречи» қойылымындағы Шпехттың, Р.Гаджиевтің «Не прячь улыбку» қойылымындағы Бубаның, И.Кальманның «Фиалка Монмартрасындағы» Марсельдің рөлдерімен қарағандылық көрермен есінде қалды. Трунов ерекше мінезді рөлдерді сомдаған Борис Зиновьевич Каркачпен де талай мәрте сахнада бірге ойнаған. Театрдың жілігін шағып,майын ішкен Игорь Юрьевич Войнаровский сынды майталманмен бір партияда өнер көрсетіп,маэстроның көлеңкесінде қалған емес. Иван Труновтың бірегей орындау шеберлігі көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.