
Астанада «Нұрорда"мектеп-лицейі базасында «Kazakhstan robotics challenge» робототехникадан республикалық байқау кезеңі өтті. Оған республика бойынша 270 оқушы, 170 команда қатысты.
Қарағанды облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Мұрагер", Жамбыл атындағы мектептерінің, ақпараттық технология лицейінің, Қарағанды мен Жезқазған қалаларының «Білім инновация" №1, 2, 3 лицейінің, Жаңаарқа, Шет аудандарының, Балқаш мектептерінің командалары қатысты.
Қатысушылар Lego Mission, Lego Mini Sumo, Lego Grand Sumo, Lego Labyrinth, Arduino Hackathon, Coding Hackathon for ladies, mBot Football Tournament санаттары бойынша сынға түсті.
Байқауды халықаралық «Білім-инновация» қоры ұйымдастырды.
Қарағанды облысының командасы 4 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
«Мұрагер", инновациялық технологиялар мамандандырылған мектеп-интернат- лицей, Шет ауданының Ақылбаев атындағы мектептері командасы үздік команда қатарынан көрінді.
Ал, Қарағанды №2 «Білім-инновация" лицейінің оқушысы Әмина Саян Астана халықаралық университетінің грант иегері атанды.