Ерлан Қошанов барлық күшті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге бағыттауды талап етті

Ерлан Қошанов барлық күшті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге бағыттауды талап етті

Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар саны үш есеге өсуі мүмкін. Бұл Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау қосымша шаралары есебінен көбеймек.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов «Нұр Отан» партиясының съезінде мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күшті салуға шақырды.
- Көп жұмыс жүргізілуі керек. Бұл жерде сізбен-біздің бірлескен іс-шараларымыз қажет. Адамдар оның нәтижесін алдағы уақытта сезінуі тиіс, - деді партия активінің отырысында. – Олар оны қалай сезінеді? Мөлшері ұлғайған жәрдемақылар мен жалақылар, абаттандырылған аулалар мен жолдар, қауіпсіз әрі жайлы балабақшалар, мектептер, интернаттар, емханалар болуы керек. Мүмкіндіктер мен ресурстар бізде жеткілікті. Президент оны бізге ұсынды. Тек жұмыс жүргізу міндет.
Облыс әкімі әр тұрғынға бұл жаңашылдықтар жетуі керек деді. Адамдар қандай қолдау шараларын пайдалана алатындарын білуі тиіс. Ол үшін қазір аулаларды аралау басталды.
Мұқтаж отбасылардың төлқұжаты жасалады.
Кері байланысты да нығайту маңызды. Ерлан Қошанов әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жұмыс істеуді тапсырды. Тұрғындарға қолжетімді болуы үшін барлық әкімдіктерде фронт-кеңселер ашылуы тиіс.
- Мобильдік топтарды әкімдер өздері басқарулары керек. Ауданды аралап, тұрғындармен сөйлесіп, кеңес беріп, бар мәселені өз көзімен көріп, сол жерде шешуі қажет, - деп міндеттеді аймақ басшысы.
Билік ақпараты бойынша, қазір облыста атаулы әлеуметтік көмекті 11 мың адам алады. Алдағы уақытта оның саны артады. 1 сәуірден кедейшілік шегі жоғарылайды да, жәрдемақы мөлшері көбейеді.
Облыс әкімі жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына талдау жасап, қажет болған жағдайда штатты көбейтуді жүктеді.
Жұмыспен қамту да өзекті. Ауылды жерлерде көпбалалы отбасылар өз ісін ашуға қайтарымсыз грант ала алады. Ол үшін қажетті қаражат та қарастырылып қойған. Жанұя мүшелерін сұранысқа ие мамандықтарға оқыта бастайды.
Бұдан бөлек, үйлерде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Бұл киім тігу немесе нан пісіру тағы басқасы болуы мүмкін.
Қосымша қаражат іздеуде мүмкіндіктерді жүзеге асыруға облыста ашылатын фрилансер мектебі көмектеседі.
2019 жылы облыста мемлекеттік қолдау шараларымен 30 мыңнан астам жастар қамтылады. Кәсіпкерлік негіздеріне 1 500 жасты оқыту жоспарлануда. Стартаптарды жүзеге асыруға қосымша 540 грант бөлінді.