Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі әлеуметтік мәселелермен айналысады

Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі әлеуметтік мәселелермен айналысады

Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі құрамы жаңартылды. Оған қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, кәсіподақтың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қосылды. Кеңес мүшелері әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету сұрақтарымен айналысады.
-Қаңтарда облыстың қоғамдық кеңес мүшелерін таңдау бойынша байқау жарияланған болатын. Қалаған адам өз кандидатурасын ұсынды. 28 ақпан облыстық мәслихат сессиясының шешімімен құрамы бекітілді. Оған 93 адам енді. Құрамы 70 пайызға жаңарды. Қоғамдық ұйымдардың, жастардың өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуы үшін санының көп болуына көңіл бөлінген. Қазіргі біздің міндетіміз – әлеуметтік сұрақтарға ерекше назар аудару, - деді аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ерқара Аймағамбетов.
Ол адамдар билік жұмысын ашықтық пен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігімен бағалайтынын айтты.
Төрағаның сөзінше, азаматтар кеңеске әлеуметтік көмек көрсету, экологиялық жағдайды жақсарту, жер қатынастары, баспана қолжетімділігі бойынша өз сұрақтарын жолдай алады.
- Біз бюджеттің әлеуметтік бөлігіне қатысты мониторингті күшейтеміз. Бүгінде ауылдарда әйелдер мен жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып табылады. Бұл ретте қоғамдық кеңесте шет қалмауы керек, - дейді Ерқара Аймағамбетов.
Облыстық қоғамдық кеңестің жаңалықтарын osko.kz. ресми сайтынан білуге болады.
osko.2018@yandex.kz электронды поштасына хат жазуға болады.
Азаматтарды қабылдау Достық үйінде (Шахтеров даңғылы 64, каб.101) әр жұма 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі