
Қымбатты әйелдер! Сүйікті аналар, апа-қарындастар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні барлық адамзатқа тамаша көңіл-күй, жақсылық пен жаңару үмітін сыйлайтын өміршең мерекелердің бірі.
Қазіргі қоғамдағы әйел адамдардың қызметі барлық салаларда үлкен маңызға ие болып отыр. Әйел адамдар саясат пен бизнесте, ғылымда, спортта және қоғамдық өмірде, жалпы алғанда қоғамның барлық саласында елеулі еңбек етіп келеді.
Құрметті әйелдер! Сіздер өз еңбектеріңізбен тек Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Сонымен бірге Сіздер аналық ақ жүректеріңіздің жылуымен, жылы лебіздеріңізбен жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы еліміздің болашағын құруға атсалысып келе жатырсыздар. Біз көп балалы аналарға және жетім балаларды тәрбиеге алып аналық жылуын сыйлап отырған әйел адамдарға мейірімділіктері мен қайырымдылықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қымбатты әйелдер!
Сіздер өздеріңіздің ішкі жан дүниелеріңіздің сұлулығы мен өмірлік энергияларыңызбен, нәзіктік пен жан жылуларыңызбен өмірімізге мән-мағына, жайлылық пен үйлесімділік сыйлайсыздар.
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыларыңызға көктемгі көңіл-күй, қуаныш, отбасылық бақыт пен махаббат, арман-тілектеріңіздің орындалуын тілейміз!
Қарағанды облысының әкімі
Е.Қошанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
С.Өтешов