Қарағанды облысының әкімі тасқынға дайындық барысын тексерді

Қарағанды облысының әкімі тасқынға дайындық барысын тексерді

Бұқар жырау ауданына жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі көктемгі су тасқынына дайындық барысын тексерді.
Бұл жерде жылда қар суы басу қаупі туындайтын 16 елдімекен бар.

Аудан әкімі Шагурашид Мамалинов 25 ақпаннан су өткізу құбырларын, су ағарлар мен арықтарды тазарту жұмыстары басталғанын айтты. Бұдан бөлек, су ағызу арналарын кеңейтіп, қорғаныс дуалдары бекітілгенін, қорғаныс бөгеттерін ұйымдастырғанын, габиондар қойылғанын жеткізді. Ауылдар қардан аршылып, осы аптада өзендердің мұздарын жару жұмыстары басталады.

- Бөгеттердің арқасында өткен жылы біз суды ұстап қалдық. Биыл да солай болады деп ойлаймын. Қыстың соңғы күндері көп қар жауды, 80%-ға дейін түсті. Бұл ауылдарды су басудан қорғау үшін барлық шараларды жүргізу керек , - деді облыс әкімі.
Бұқар жырау ауданының 26 селосы мен кенттерінде жергілікті хабарландыру жүйелері орнатылған. Мамандар 25 су нысандарындағы жағдайды бақылап отыр.
- Бөгеттер ағысты ұстап қалу керек. Ал, жоғары қойылған габиондар геотекстильді материалдан жасалған, су өткізбейді. Шептің жалпы биіктігі 3 метр, - деп мәлімдеді Шагурашид Мамалинов.
Аудан әкімі Чкалов ауылында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары толығымен аяқталғанын айтты.
Ерлан Қошанов Ғабиден Мұстафин кентін судан қорғау дайындықтарына ерекше назар аударуды қатаң тапсырды.
- Онда су жетпес үшін барлығын жасаңыздар. 15 наурыздан бастап облыс үстінен ұшақпен жағдаймен танысамыз. Жеке бақылауымда ұстаймын. Біз бұл кезеңді ешқандай оқыс жағдайсыз өткізуіміз керек. Үйлерді су басу мәселелері туындамау керек, - деді Ерлан Қошанов.