
14 желтоқсанда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Біз білетін Желтоқсан» экспозициясы ашылады. Іс-шара «Желтоқсан» республикалық халықтық-патриоттық қозғалысының қолдауымен өтеді және Тәуелсіздік күні мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналады.
Көрме жеті тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы Желтоқсан оқиғасының жекелеген қатысушыларына – Қарағанды облысының тумаларына арналады. Мұнда сол жылдардағы мұрағаттық құжаттар мен фотоларды, сондай-ақ мұражай қорынан кітаптар мен экспонаттарды көруге болады.
Басталуы сағат 15:00.
Анықтама (8-7212) 56-58-89, 30-11-36 телефондары бойынша.