Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

16 наурыз, сенбі қала тұрғындары мен қонақтарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Ол «Сарыарқа» сауда үйінде, Құрылысшылар даңғылы, 35/2 мекен жайында өтеді.

Жәрмеңкеде облыстың ауылшаруашылығы өндірушілері мен кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады. Тұрғындар ет, сүт өнімдерін және көкөністерді базар бағасынан төмен бағада сатып ала алады.

«Сарыарқа» сауда үйіне №№ 01, 012, 014, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 қоғамдық көліктерінде жетуге болады.