
Ерекше интерактивті бағдарламаны Наурыз мейрамына орайластырады. Оған бала да, қария да қатыса алады.
Теміртау өлкетану музейінде «Этнографиялық аукцион» 18 наурыздан бастап өтеді. Бұл күні оған екі команда қатысады: Теміртау политехникалық колледжінің және «Мирас» көп салалы колледждерінің студенттері.
Ойын басталмас бұрын қатысушыларға арнайы «ақша» таратылады, сол ақшаға сұрақтар сатып алып отырады.
Аукцион тапсырмалары қазақ халқының тарихындағы әр кезеңдеріндегі мәдениеті мен салтына арналады. Мысалы, қатысушылардан көмек беру арқылы қара жәшікте не жатқаны сұралады немесе қандай да бір экспонаттың бағасына қатысты сұрақ болады.
Жеңімпаздарға грамоталар мен музейді аралауға 10 пайыз жеңілдікпен сертификаттар беріледі.
Этнографиялық акцияға қалаған адамдар қатыса алады. Ол үшін 8 (7213) 93-19-05 нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет. Ересектер билеті – 300 теңге, балалар билеті – 100 теңге.