Қоғамдық тыңдаулар өтпегенше Қарағандыда теннис орталығының құрылысы басталмайды

Қоғамдық тыңдаулар өтпегенше Қарағандыда теннис орталығының құрылысы басталмайды

Қарағанды облысының әкімі теннис орталығының құрылысы көзделген Қарағанды қаласының орталық саябағындағы құрылыс вагоны мен қоршауларын алып тастау бойынша тапсырма жүктеді.
«Қала тұрғындарының пікірін ескермей құрылыс жүргізуге болмайды» - деді Ерлан Қошанов.
Нысанның құрылысы бойынша нақты шешім ашық қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін қабылданады.
Күні мен уақыты және орны қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі