Саран қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған челленджді іске қосты

Саран қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған челленджді іске қосты

Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов "Моноқалалар – Тәуелсіз Қазақстанға" атты челленджін іске қосты. Мұндай эстафетаның негізгі мақсаты-моноқалалардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсету. 

Әкім челлендж туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

– #МоноқалаларТәуелсізҚазақстанға, #МоногородаНезависимому Казахстану хештегі бойынша челленджді іске қосып, біз көмір өндіруді, автобус өндірісін, шина және кабель өнімдерін, бетон бұйымдарын, тігін өндірісін көрсеттік. Эстафетаны Шахтинск, Сәтпаев, Балқаш, Теміртау, Қаражал, Жезқазған, Степногорск, Курчатов, Лисаков, Жітіқара қабылдады, – деп хабарлады Саран қаласы әкімінің көмекшісі Денис Эйхвальд. – Барлық қалалар тау – кен және ауыр өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына дейін өз өндірістерін көрсетті. Челлендж белсенді түрде жалғасуда, оған күн сайын басқа моноқалалар қосылады.

 Қазақстанда халқы 1,4 миллион адамды құрайтын 27 моноқалалар бар екенін еске сала кетеміз. Осы қалалардың өнеркәсіптік кәсіпорындары өнімнің 40%-ға жуығын өндіреді. Осы жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, онда нақты өсу шектерін белгіледі.