Абай ауданының Юбилейный ауылында картоп қоймасы мен асхана ашылды

Абай ауданының Юбилейный ауылында картоп қоймасы мен асхана ашылды

Абай ауданының кәсіпкерлері Юбилейный ауылында картоп қоймасы мен асхана ашты. Бизнес-бастамалардың арқасында 20-дан астам жұмыс орны ашылды.

Картоп қоймасы «PROTRADE» ЖШС өз қаражатына салынды.

Ол екі қоймадан және техниканың кіруіне арналған жалпы дәлізден тұрады. Инвестициялау сомасы 100 миллион теңгеден асты, сыйымдылығы – 4 мың тонна картоп.

Юбилейный ауылындағы асхананы «Қаймар» ШҚ басшысы өз қаражатына ашты. Онда шаруа қожалығының жұмысшылары тамақтанады. Асхана 200 адамға арналған. Ол сондай-ақ түрлі іс-шаралар үшін пайдаланылатын болады.

– Осы нысандардың ашылуының арқасында ауылда 20-дан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл тек жұмыс орындары ғана емес, сонымен қатар экономиканың дамуына үлес қосады, – деп атап өтті ауыл әкімі Еркін Байтұрсынов.