
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде басқару автоматикасы және байланыс жүйелері оқу зертханасы пайда болды. КСЕР laboratory «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (КСЕР) қолдауымен физика-техникалық факультетте ашылды.
Радиофизика және электроника кафедрасының КСЕР компаниясымен ынтымақтастығы 2018 жылы басталды. Бірлескен қызмет аясында білім беру бағдарламаларының мазмұны талқыланады, оқытушылар мен студенттерге зауытқа экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, үшінші және төртінші курс студенттері кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие. Олардың ең үздіктері жұмысқа орналасады.
Бүгінгі таңда Kazcentrelectroprovod – телекоммуникациялық және электр техникалық өнімдерді өндіру бойынша жетекші отандық кәсіпорындардың бірі. КСЕР laboratory ашылуы студенттер үшін оқыту семинарларын өткізуге және мектеп және колледж оқушыларының кәсіби бағдарлануына мүмкіндік береді.