
Ұлдар мен қызадар арасындағы (U18) біріншілік Гонконгта өтуде. Азия чемпионаты 15 наурызда басталды және ол екі күнге жалғасады. Біздің еліміздің намысын халықаралық аренада 7 ұл және 10 қыздан құралған құрама команда қорғайды.
15 наурыз Қарағанды облысының өкілі Василиса Фахрутдинова кедергілері бар 2000 шақырымды 7:22.88 секундта бағындырып, күміс медальді иеленіп, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Василиса 2003 жылы туған. Жеңіл атлетикамен 5 жылдан бері айналысып келеді. Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды. Спортшыны Сергей Плотников және Сергей Бекетов жаттықтырады. Жеңіл атлетикадан кедергілермен 300 м, 1500 м, 2000 м жүгіруден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы.