Қарағанды қазақ драма театры премьераға шақырады

Қарағанды қазақ драма театры премьераға шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драманың тұсаукесеріне шақырады. Спектакль Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Премьера 13 және 15 желтоқсанда сағат 18:30-да, 16 желтоқсанда – сағат 17:00-де өтеді.

Қанат Жүнісовтің тарихи оқиғаларға негізделген «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасы Әлихан Бөкейханов бастаған «Алаш» батырларының өмірі мен тағдыры туралы баяндайды. Қоюшы режиссері – Айдын Салбанов, қоюшы суретшісі - Қанат Мақсұтов.

Анықтама 41-39-89, 42-02-97, 8-701-911-76-76, 8-776-580-88-87 телефондары бойынша.