
Қарағандылықтарды және қала қонақтарын «Армысың, әз Наурыз» ақындар айтысына шақырады. Шара 19 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Басталуы 16.00.
«Армысың, әз Наурыз» облыстық ақындар айтысы Сәкен Сейфуллинның 125 жылдығы мен Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған. Онда танымал ақындар, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы, Ұлытау, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандары, Жезқазған, Сәтпаев, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларынан жиналған республикалық айтыстарға қатысушылар өнер көрсетеді.
Айтысты Қарағанды облысының мәдениет, мұрғаттар және құжаттар басқармасы, сауық және халық шығармашылығы облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы, «Арқа» ақындар мектебі ұйымдастырды.