
Бүгін аппарат жиналысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов полицейлерді өз кеңселері, кафелері мен дүкендері алдындағы алаңдарды тазаламайтын бизнесмендерді айыппұл салуға шақырды.
Өткен аптада тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге жалпы сомасы 9 миллион 544 мың теңгені құраған 189 айыппұл салды. Алайда, аймақ басшысының пікірінше, Қарағандыны қардан тазарту үшін бір айыппұл аздық етеді.
- Мен өткен аптада қаланы аралап шықтым, көшелер мен жолдарды қалай тазалайтынын көрдім. Банктер, дүкендер, кеңселер алдында - барлық жерде қар! Жеке сектор да қарға толы - сол жерден оны бірінші кезекте шығару керек, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Қазір қалада қарды тазалауға барлық арнайы техника жұмылдырылды. Ол 261 арнайы көлік. Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар маңын тазалауға ерекше көңіл бөлінуде.
Жалпы облыс бойынша елді мекендердегі көшелерден миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Аппараттық жиналыста сондай-ақ облыс су тасқынына қалай дайындалып жатқаны туралы баяндалды. Қазіргі таңда су өткізу құрылыстарын – көпірлер мен трассалар астындағы құбырлар мен арықтарды тазалауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жұмыс аяқталуға жақын.
Мамандар су қоймаларындағы судың деңгейін қадағалап, артық суды лақтырады және өзендерде мұз жаруда. Бұл шаралар судың асып, төгілуін болдырмауға көмектеседі.
«Қазгидромет» болжамы бойынша, жақын арада облыс аумағында түнде минус температурасы сақталады. Су тасқынына дайындық штаттық режимде жалғасады.