Бас полицей қарағандылықтарға есеп берді

Бас полицей қарағандылықтарға есеп берді

Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Қарағандыдағы Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде тұрғындарымен кездесті . Ол өткен жылғы ведомствоның жұмысы туралы есеп берді.

Полиция басшысы қылмысқа қарсы күрестегі жетістіктер мен проблемалар туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар ішкі істер органдарын жаңғырту жоспарлары туралы мәлімет алды.

Өткен жылы облыста ауыр қылмыстар саны азайды: қасақана кісі өлтіру (10,7% - ға), қарақшылық (20,9% - ға), тонау (16,4% - ға) және басқа да бірқатар қылмыстар. Сонымен қатар, бөтен мүлікті ұрлауға қарсы күресті күшейту қажет. "Көршілер бақылауы" бағдарламасы сол шараның бірі болып табылады. Учаскелік полиция инспекторлары ПИК төрағаларымен, үйдің жетекшілерімен үйлер мен кіреберістерді бақылау бойынша ынтымақтасады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша көшелердегі қылмыстқ жағдай жақсарды. Көшедегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 18,3% төмендеді. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 6,5% - ға азайды.

Ерлан Файзуллин сонымен қатар проблемалық бағыттарды атап өтті. Оның айтуынша, интернет-алаяқтар саны көбейген және олардың алаяқтық қақпандарына түсушілер артып отыр. 2018 жылы интернет-алаяқтық фактілері бойынша 386 қылмыстық іс қозғалды.

Мұндай қылмыстарды ашу қиынға соғып отыр. Егер "Киви-әмиян" арқылы аударылған сома 100 мың теңгеден аспаса, онда ақша қаражатының қозғалысын бақылау мүмкін болмайды, яғни ол ақшалар кімнің шотына аударылғанын анықтау мүмкін емес", - деп ескертеді полицейлер.

Сондай-ақ синтетикалық есірткілердің таралуы үлкен проблемалардың бірі болып отыр.Осы зұлымдықпен күресу үшін есірткі және психотроптық заттарды ашық жарнамалау жүргізілетін интернет-ресурстар анықталып, бұғатталады. Есеп беру кездесуінде айтылғандай, қазіргі уақытта 137 сайт бұғатталған.

Жолдардағы апаттылықты азайту үшін алдын алу рейдтер жүргізіледі. Полицияның мәліметтері бойынша, қалалар мен аудандардағы 1500-ге жуық автожол тексерілді, жол-коммуналдық ұйымдарға кемшіліктерді жою туралы 1300-ден астам ұйғарым берілді.

Облыс орталығының тұрғындары полиция басшысына сұрақтар қойып, ескертулер мен ұсыныстар айтты. Мәселелер тек полиция қызметіне ғана емес, әлеуметтік мәселелерге де қатысты болды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша