
Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз сатқан кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары арзан бағамен ет, көкөніс және басқа да өнімдерді сатып алды. Жәрмеңке күні сауда сөрелеріне шамамен 200 тонна фермерлік өнім қойылды.
Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері болып табылады. Өткен жылы 800-ден астам жәрмеңке өткізілген болатын, онда 7 млрд.теңгеден астам сомаға 10 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Жыл басынан бері қалалар мен аудан орталықтарында 19 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Супермаркеттердегі, әлеуметтік павильондардағы және коммуналдық базардағы бағалар мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Бүгінде 36 әлеуметтік павильон, 1 коммуналдық базар жұмыс істейді. 600-ден астам сауда орындарында әлеуметтік қатарлар мен бұрыштар құрылған.
Бақылау әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауы бойынша жүргізіледі. Басты мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Алақол саудагерлер заң бойынша жауап береді, әрбір ереже бұзушылық фактісі бойынша шаралар қолданылады.
Баға саясаты бойынша меморандум облыстың сүт зауыттарымен және құс фабрикаларымен жасалды. Өңірде маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қоры құрылуда. Аймағымыздың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бұл шараны қолдап, қорды тұрақты бағадағы өздерінің көкөніс өнімдерімен толықтыруда.
2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін әлеуметтік павильондар арқылы 300 тонна пияз және 60 тонна қырыққабат сатылды. Қазір павильондарға сәбіз партиясы келіп түсті, себебі супермаркеттер мен базарларда бұл көкөніс қымбаттады.
Қазіргі уақытта жалпы көлемі 390 тонна бакалея өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыру аяқталуда: қант – 204 тонна, өсімдік майы – 50 мың литр, күріш және қарақұмық – 68 тонна.
Облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер жерлестерін 1 сұрыпты ұн мен нан, картоп, сәбіз, сиыр еті, құс еті, сүт және мен тауық жұмыртқасы сияқты өнімдермен толық қамтамасыз етеді. Сырттан үлкен көлемде пияз, қырыққабат, сүзбе, сары май, кеспе сатып алудың қажеті жоқ – жергілікті өндіріс қажеттіліктің негізгі бөлігін жауып отыр.
Қарағандыда ірі көтерме-тарату орталығын іске қосу бағаны тұрақтандыруға елеулі демеу болады. Мұнда өнімдердің үлкен партиялары делдалсыз сатылатын болады.