
Өткен дүйсенбі күні облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандыны алдын ала ескертпестен аралап шығып, қалалық қызметтердің жұмысын сынға алды. Өңір басшысының сынынан кейін бір апта өткен соң не өзгерді?
Елеулі өзгерістер Қазыбек би атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде орын алды. Бұл мекемеде психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге көмек көрсетеді. Ғимаратта тәртіп орнатылып, жұмыс ережесі көрсетілген жаңа тақтайшалар ілінді, жаңа пандус орнатылды. Айналасы қар мен мұздан тазартылды.