Көрермендерді симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

Көрермендерді симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

24 наурыз 17:00-де «Шалқыма» концерт залында Германиядан келген дирижер Грегор Боетчердің жетекшілігімен өтетін симфониялық оркестрдің концерті өтеді.
Концерт бағдарламасында Бетховеннің «№1 Симфониясы», К.Сенс-Санстың "Интродукция және оркестрмен ойнайтын скрипкаға арналған Рондо-Каприччиозо", Э.Шоссонның "Оркестрмен ойнайтын скрипкаға арналған поэмасы", Ж.Бизе - Ф.Ваксманның "Кармен-Фантазия", Ж.Массне "Оркестрмен ойнайтын скрипкаға арналған "Таис" операсынан ой талқылары".
Солист – скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев (Астана).
Билеттер құны 1500 теңге.

Анықтама телефондары: 41-22-36, 41-22-30.