
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Case-in» VII Халықаралық чемпионатының студенттік лигасының іріктеу кезеңі өтті. Электрэнергетика және тау-кен ісі бағыттары бойынша тапсырмаларды шешу кейстері бойынша ірі турнирдің ақтық кезеңі мамырдың соңында Мәскеу қаласында өтеді. Үздік студенттік командалар ең мықты атауын иелену үшін өзара бақ таластыратын болады. Жеңімпаздар алдыңғы қатарлы салалық компанияларда тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігін иеленеді.
ҚарМТУ чемпионатқа алтыншы рет қатысып отыр. Биылғы жылы сайыстық аймақтық кезеңі екі бағыттан құралды: тау-кен ісі және электроэнергетика. ЖОО-да 16 команда сайысқа түсті. Қатысушылар нақыт кәсіпорынның өзекті проблематикасына бағытталған инженерлік кейсттерді қарастырды. Студенттердің пікрлерін ірі аймақтық компаниялардың өкілдерінен, бизнес-кейстер бойынша салалық сарапшылар мен мамандардан, сонымен қатар университет ғалымдарынан құралған қазылар алқасы бағалады.
«Тау-кен ісі» бағыты бойынша бірінші орынды «Перемена» командасы иеленді. Бұл ұжым ҚарМТУ-ді чемпионаттың ақтық кезеңінде таныстыратын болады.
«Case-in» чемпионаты «Надёжная смена» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) РФ Энергетика министрлігінің және Ресейдің ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарының қолдауымен ұйымдастырылады.
www.kstu.kz