
23 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жағыпар Әлімхановтың шығармашылық кеші өтеді. Концерт композитордың 70 жылдық мерейтойына арналған.
Концертке ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Мұхамедқызы, Серік Оспанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қорабай Есенов, Гүлмира Сарина және басқа да әншілер қатысады.
Жағыпар Әлімханов-60-тан астам әннің авторы, оның 30-ға жуығы Кәкімбек Салықовтың өлеңдеріне жазылған.Оның ең танымал шығармалары - " Жылжиды аққу айдынында және "Аққу әні".