Қазақстан халық санағының алғашқы нәтижелері Мемлекет басшысына ұсынылды

Қазақстан халық санағының алғашқы нәтижелері Мемлекет басшысына ұсынылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері ұсынылды.

Аkorda.kz сайтында хабарланғандай, санақ қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы саны 19 169 550 адамды құрады. Олардың ішінде ер адамдар – 48,71 %, әйел – 51,29 %.

Халықтың орта жасы – 31,94 года. Халықтың жалпы санының 33,97% – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72% – 14–28 жастағы жастар. Этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70,18%-ға жетті.

Еңбекке қабілетті жастағы азаматтар саны – 11 320 410 адам немесе Қазақстан халқының 59,05%.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтының ақпараты бойынша