Қызыл Жарты Ай қоғамы Қарағанды трассаларындағы жылыту пункттеріне арналған құрғақ азықтарды жинады

Қызыл Жарты Ай қоғамы Қарағанды трассаларындағы жылыту пункттеріне арналған құрғақ азықтарды жинады

Қызыл Жарты Ай қоғамы трассалық медициналық-құтқару пункттері үшін құрғақ азықтарды дайындады. Бұл бағыттағы жұмыс Апаттар Медицинасы Орталығымен бірлесіп жүргізілуде. 

Қарағанды облысында жеті трассалық пункт жұмыс істейді. Қыс мезгілінде олар қар құрсауында қалғандарды жылыту үшін де қолданылады. Трассалық медициналық-құтқару пунктінде жол қызметтері келгенге дейін және трассаларды тазартқанға дейін көмек көрсетіледі. 

– Әзірге 125 азық жиналды, – дейді "Қызыл Жарты Ай қоғамы" ҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Татьяна Абрамова. – Жинақ құрамында консервілер, жылдам дайындалатын кеспе, шай, кофе, су, пластикалық ыдыс және т. б. барлығы ұзақ сақтау мерзіміне ие. Құрғақ азық санын арттыру жоспарда бар.

Сондай-ақ, қарағандылықтарды қолайсыз ауа райында жылыту үшін көрпелер, ыстық шәймен қамтамасыз ету үшін  термостар және шәйнектер сатып алынды.