Сатпаев қаласында жабық футбол стадионы жаңартылды

Сатпаев қаласында жабық футбол стадионы жаңартылды

Сатпаев қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін спорттық-сауықтыру кешенінің жабық футбол стадионы ашылды. Спорт ғимараты қайтадан толық жүктемемен жұмыс істейді.

Жұмыстар "Қазақмыс" корпорациясының қолдауымен жүргізілді. Жаңа күмбез тұрғызылды. Сонымен қатар, алаңның жасанды жабыны мен жарықтандыру жаңартылды.

– Спорттық нысан жаңа өмірге ие болды. Бұл біздің қаламызда спорттың дамуына серпін береді. Мұнда жас футболшылар мен әуесқой спортшылардың қатысуымен ауқымды жарыстар өтеді, – деп атап өтті Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Жаңартылған стадионда "Қазақмыс" және қалалық ұйымдар командалары арасында шағын футболдан жолдастық матч өтті.