Қарағанды студенттері биіктігінен көруге болатын «Елбасы» сөзін құрып тізбектелді

Қарағанды студенттері биіктігінен көруге болатын «Елбасы» сөзін құрып тізбектелді

Қарағандыда Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған жастар флешмобы өтті. Колледждер мен ЖОО студенттері тұрақтылық, мемлекеттің гүлденуі, бейбітшілік пен келісім, жастарға қамқорлық көрсеткен Елбасына осылайша алғыстарын білдірді.
«Елбасы, рахмет» флешмобы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда өтті. 200-ге жуық студент «Рахмет!» деп дауыстады. Флешмобқа қатысушылар көктен көруге болатын «Елбасы» сөзін жасап сапқа тұрды.
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің ЖОО-да инженерлік білім негіздерін алғанын мақтан тұтамыз. Біз Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін, Мемлекет басшысы лауазымындағы үлкен еңбегі үшін, дана саясаты үшін, бейбіт аспан үшін, этникалық және конфессияаралық келісім үшін, жастарға қамқорлық жасағаны үшін, туған елде де, шетелде де сапалы білім алу мүмкіндігін бергені үшін Елбасына алғысымызды білдіреміз, - деді «Жас Орда» ҚарМТУ студенттік ұйымдары қауымдастығының төрағасы Рустам Бузяков.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері де Тұңғыш Президент күніне арналған флешмоб өткізді. Болашақ техникалық мамандар Елбасына Жастар жылын жариялағаны, жарқын болашақ сыйлап отырғаны үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған бағдарламалар үшін алғысын білдірді.