
Бұл мейрам табиғаттың, жер – дүниенің жаңаруын білдіретін қазақ ұғымындағы ерекше мәнге ие ұлттық мерекеміз. Жақында ғана мемлекет басшысының бастамасы бойынша қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын кешенді жаңарту шаралары қолға алынды.
Біздің алдымызда бірқатар маңызды міндеттер бар. Олардың бастысы Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыру. Еліміздің әрбір азаматы осынау ұлан-ғайыр жерде туып, өскенін мақтаныш етуі керек. Бұл мемлекеттің және әрбір қазақстандықтың жаңаруының белгісі.
Наурыз мерекесі Сіздердің шаңырақтарыңызға бақ-береке, табыс пен молшылық әкелсін! Мерекелеріңізбен қадірлі қарағандылықтар!
Қарағанды облысының әкімі
Е.Қошанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
С.Өтешов