Қарағанды облысындағы су тасқынына қатысты жағдай бақылауда

Қарағанды облысындағы су тасқынына қатысты жағдай бақылауда

Облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, Қарағанды облысында су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Барлық су өткізу құбырлары мен көпірлер тазаланды. Негізгі су қоймаларында су ағызу жалғастырылуда, барлық гидробекеттерде бақылау жүргізілуде.
Азаматтық қорғау күштері мен құралдары толық дайынтықта тұр. Ол дегеніміз барлық аудандарға бөлінген 6400 адам және 2400-ден астам техника.

Бүгін аймақ басшысы Ерлан Қошанов судың қалай ағызылып жатқанын өз көзімен көріп қайту үшін Самарқанд су қоймасында болып қайтты.
Облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев өзеннің жоғарғы жағында ылғал қоры 38% ға дейін төмендегенін, су ағыны секундына 30 текше метрді құрайтынын мәлімдеді.
- Жалпы жағдай тұрақты, - деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Ешқандай қауіп жоқ. Шерубай Нұра өзеніндегі су деңгейі норманың шегінде. Төменгі жағында қар әлі де бар. Бұл Нұра және Осакаров аудандары. Олардың жағдайын біз бақылауда ұстаймыз.
Облыс әкімі метеорологтардың болжамына қатысты қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ мамандардың өлшеулерді неге тек өзен арналарында өткізетінін және бүйірлік ағындарға жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін сұрады.
- Барлығын қарап шығыңыздар, етік киіңіздер де, сонда барыңыздар, барлығын өлшеңіздер! Өзен бойымен жоғары көтеріңіздер! Әлі қанша қар қалғанын тексеріп шығыңыздар. Біз су қоймасына жақын орналасқан ауылдарды су басуына жол бермеуіміз керек. Ол үшін ылғалды өлшеп, қанша су келетінін білу қажет, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
"Казводхоз" Қарағанды филиалының директоры Дүйсембай Әбжанов гидробекеттер өзендердің негізгі арналарын ғана өлшейтіндігін растады. Ол сондай-ақ Самарқанд су қоймасында тұрақты жағдай ұсталып, барлығы қада,аланып отырғанын мәлімдеді. Бір тәулік ішінде су ағызудың арқасында ондағы деңгей өзгермеген. Бірақ жақын күндері су көп болады деп күтілуде.
- Су деңгейінің көтерілуінің ең жоғарғы көрсеткіші таяудағы екі-үш күнде болады деп күтіледі. жағдай осы қалыпта болса, барлығы тегіс өтуі тиіс, - деді Дүйсембай Әбжанов.

Қазір облыс бойынша қар жамылғысы 40%-ға азайды. Осакаров және Нұра аудандарында 60% қар қалды. Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарындағы төрт өзендерде мұз жарылды. Осы аптада Осакаров және Нұра аудандарында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Самарқанд су қоймасын тексергеннен кейін Ерлан Қошанов өзінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаевқа жергілікті жерлерде барынша егжей-тегжейлі өлшеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Нәтижелер туралы үш күн ішінде баяндау керектігі айтылды.