Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинарға шақырады

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинарға шақырады

Қарағандыда мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін тегін семинар өтеді. Сәрсенбі, 27 наурызда Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы барлық ниет білдірушілер үшін «2019 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша өзекті өзгерістер» тақырыбында тегін семинар өткізеді. Семинар сағат 10.00-де басталады.
Қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер, сатып алуды қалай дұрыс жоспарлау, алақол өнім жеткізушілер тізіліміне енгізу шарттарының өзгеруі туралы баяндайды. Сондай-ақ, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуда, баға ұсынысын сұрату және бір қайнар көзден алу және тағы да басқа салаларда қандай жаңалықтар пайда болғаны туралы айтылады.
Семинар "NUR OTAN" ҚОФ ақ залында өтеді.
Семинарға электрондық мекенжай бойынша тіркелу қажет: b.umertayev@atameken.kz
Семинарға келесі телефон нөмірлері бойынша жазылып, қызықтырған сауалдарыңызға жауап ала аласыздар: 87212506411, ішкі нөмір + 3517.