
Көп балалы ана Елнұр Мұхамедияр Нұра ауылында шағын орталық ашты. Өткен жылдың желтоқсан айында ол «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспары» жобасы бойынша 1 200 000 теңге грант ұтып алды. 1 наурыз күні «Ләйлім» шағын орталығы мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар үшін өз есігін ашты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орталықта дамыту сабақтары мен ойындар өткізіледі – ермексаздан мүсіндер жасау, құммен сурет салу. Балалармен логопед жұмыс жасайды.
Мұнда бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылды. Оқушыларға сабақта өткен материалды жақсы меңгеруге көмек көрсетіледі және қосымша сабақтар өткізіледі.
Барлық сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Орталыққа бару құны-топтағы балалардың санына байланысты айына 10-нан 15 мың теңгеге дейін.
Елнұр Мұхамедияр Еуразия ұлттық университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ол сондай-ақ «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы бойынша курстардан өткен.