Қарағандылық спортшы арнайы жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлде иеленді

Қарағандылық спортшы арнайы жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлде иеленді

Қарағандылық Юлия Черкашина арнайы жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль ұтып алды. Ол көркем гимнастика бойынша өнер көрсетіп, доппен жаттығу нөмірі үшін марапатқа ие болды. Ал көпсайыста жерлесіміз төртіншгі орынға қол жеткізді.
Юлия Черкашина 17 жаста. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі, Қарағанды облысының балаларға арнлаған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің шәкірті.
Дүниежүзілік арнайы жазғы Олимпиада ойындары наурыздың 8-нен 22-не дейінгі аралықта Араб Әмірліктерінде өтті. Сайысқа 170 мемлекеттен жиналған 7500 астам спортшылар қатысты. Олар 24 спорт түрі бойынша өзара бақ таластырды. Қазақстан құрамасының қатарында 15 спорт түрі бойынша 67 адам өнер көрсетті. Біріншіліктің қорытындысы бойынша біздің спортшылар 11 алтын, 9 күміс және 11 қола медальдар ұтып алды.
Аталмыш Олимпиада ойындарының «Zayed Sports City» стадионында өткен ресмси ашылу салтанатына Абу-Дабидің мирасқор ханзадасының шақыруымен келген Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысты.