Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңалықтар бойынша семинар ұйымдастырды. Бұл шағын және орта бизнес үшін өте өзекті мәселе. Себебі қазіргі таңда жаңа ережелер бойынша жұмыс істеу қажет, жәнеде мамандардың көмегі қателіктерден арылады.
Семинарда демпингке қарсы шаралар, "тролльден" қорғау, бір көзден сатып алу мен қызметтердің шекті сомасының артуы және басқа да заңнамалық өзгерістер туралы айтылды.
- Қабылданған түзетулерде оларды қолданысқа енгізудің үш режимі қарастырылады. Олардың негізгі бөлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі жаңа біліктілік талаптарын енгізуге, сондай-ақ алдын ала біліктілік іріктеуіне байланысты сатып алуға қатысты түзетулер 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ұлттық компанияларды сатып алу және Мемлекеттік сатып алуға "электрондық әмиян" ұғымын енгізуге байланысты түзетулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, - деп түсіндірді Қарағанды облысы Сатып алу басқармасының бөлім басшысы Данияр Медетов.
Оның айтуынша, сатып алу рәсімдері оңайырақ болады. Түзетулер сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің біліктілігін арттыруға, бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған.
Сонымен қатар, бір көзден сатып алу шегі – 500 АЕК дейін артты, бұл қазір 1,3 млн теңгені құрайды. Бұрын 100 АЕК (252,5 мың теңге) асатын сомада конкурстық рәсімдерді жариялау қажет болған. Бұл шара шағын бюджеттері бар балабақшаларға, мектептерге, емханаларға және басқа да ұйымдарға сатып алуға қатысуды жеңілдетеді.
Баға ұсыныстары бар сатып алуда тапсырыс берушілер құжаттамаларда тауардың фирмалық атауын ұсынуға құқылы. Бұл өз кезегінде сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді.
Дәйексіз ақпарат беруге қарсы шаралар да көзделген.
Спикер әлеуетті жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығы қандай параметрлер бойынша анықталатынын айтты. Ол – төленген салықтар, негізгі және айналым қаражатының болуы, еңбекке ақы төлеу қоры. Бұл былайша айтқанда сүзгілердің бірі.
Басқа фильтр - Мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақылы болуы, деп атап өтті ол. Төлемді енгізу алақол және формальды қатысушыларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Семинарда Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Данияр Нұрмұханов сөз сөйледі. Ол электрондық мемлекеттік сатып алу ережелеріндегі өзгерістер туралы айтты.