Қарағандыда Nur Otan партиясының бастауыш ұйымдарының елорда атауын өзгертуді қолдауға қатысты форумы өтті

Қарағандыда Nur Otan партиясының бастауыш ұйымдарының елорда атауын өзгертуді қолдауға қатысты форумы өтті

Қарағандылық нұротандықтар елорданың атауын өзгертуді қолдады. Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумына қатысушылар Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін атап өтті.
Елорданы қайта атау - бұл Елбасына деген құрмет, оның сіңірген еңбегін халықтың бағалауы, деп атап өтті партиялықтар.
- Билікті беру Заңмен белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып, тыныш жағдайда өтуін түсіну өте маңызды. Бұл ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудың маңызды факторы болып табылады, - деді Nur Otan партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.
Ол партияластарын халықпен кездесулерде болған өзгерістерді талқылауға шақырды.
Форумда ҚР Тұңғыш Президентінің замандасы Қуаныш Омашев сөз сөйледі. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың адамдық қасиеттері туралы айтып, ол әрқашан бірінші орынға халық пен елдің мүддесін қоятынын тілге тиек етті. Қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысының есімін мемлекеттілік, егемендік және Тәуелсіздік сияқты маңызды құндылықтармен байланыстырады, деп атап өтті замандасы.
- Біздің елордамыз Елбасының ойы бойынша салынып, Қазақстанның бренді болып табылады. Біздің елордамыз Президентіміздің атын алып, Нұр-Сұлтан деп аталуы керек, - дейді кәсіпорынның жетекшісі Александр Ларионов. – Бүгінде бизнестің мемлекет тарапынан қолдауына ие. Бұл экономиканың өсуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Елбасының ең маңызды үлесі – біздің еліміздегі бейбітшілік, сыртқы мемлекеттермен татулық орнатуы болып табылады және оған зор еңбек пен күш жұмсап, қол жеткізілген.
Осакаров ауданының партия мүшелері атынан ауыл тұрғындары атынан Николаев бастауыш ұйымының төрайымы Татьяна Калугина қолдау көрсетті. Тұңғыш Президент құрған қоғамдық келісім үлгісі гүлденген Қазақстанды құруға мүмкіндік берді, деп атап өтті ол. Оның пікірінше, бүгінгі таңда барлық қазақстандықтар бағыт сабақтастығы мен Ұлт Көшбасшысының саясатын жалғастыруды қамтамасыз ету үшін біріктірілуі тиіс.
Жас ұрпақ - еліміздің Тәуелсіздік құрдастары, деп атап өтті Бұқар Жырау ауданының "Жас Отан" ЖҚ белсенді мүшесі Ертарғын Құрашев.
- Біздің жастарымыз өз елін, Тұңғыш Президентімізді, өз Астанасын мақтан тұтуға барлық негіз бар. Елбасы жастарды ерекше қолдайды. Өз сөздерінде және Жолдауларында ол жастарға кешенді қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың басымдығы екенін атап өтті. Оның бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, - деді ол.