Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаментте бүгін, 28 наурызда су тасқынына қатысты жағдай қандай екені мәлімделді.
Бір күн бұрын департамент қызметкерлері Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында жұмыс атқарды. Мұнда кейбір үйлердің үстімен еріген қар суы өтеді деген қауіп пайда болды. Құтқарушылар 200 м қорғаныс үйіндісі жасалып, 500 қаптар төселді. Бүгін таңертең су деңгейі 20 см төмендеп, су басу қаупі жойылды.
Дәл осы күні жаңаарқа ауданының Орынбай ауылында сегіз үйге су кіреді деген қауіп болды. Мұнда ТЖД қызметкерлері 300 құм салынған қаптар төсеп, 150 тонна инертті материал септі. 160 астам малдар қауіпсіз жерге айдалды. Жедел жұмыстар нәтижесінде су деңгейі 15 см төмендеді.
Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданында облыстық ТЖД бөлімшелері жұмыс атқаруда. Құтқарушылар қорғаныс үйіндісін жасап, аула маңындағы суды сорып, құм салынған қаптар төсеуде.
Соңғы тәулікте екі авто жолдарда су жүріп өтті. Қарқаралы ауданында Республикалық маңызы бар "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолының 137 км-де ені 100 метр, биіктігі 5-10 см-ден асатын су өткелі пайда болды. Автотехниканың өтуі жүзеге асырылды, ескерту белгілері қойылды, сол жерде «Қазақавтожол» ЖШС қызметкерлері кезекшілік етеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Шет ауданында Республикалық маңызы бар "Ақшатау-Қызылорда-Павлодар" автожолының 165-166 шақырымында "Бидайық-Көктінкөл" учаскесінде қардың еруі салдарынан ені 300 м, биіктігі 20-30 см су жүрді. Ақадыр кенті арқылы айналма жол жасалды, ескерту белгілері қойылған, оқиға орнында "Матан" ЖШС қызметкерлері кезекшілік етеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Сондай-ақ Қарқаралы, Бұқар Жырау және Жаңаарқа аудандарының жолдарында болған су тасқыны тоқтатылды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында су тасқынына қарсы штаб жұмысы жалғасуда. Облыс аумағындағы ахуалдың мониторингі жүзеге асырылады, облыстың жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарымен тұрақты өзара іс-қимыл қамтамасыз етілуде.