
Оңтүстік Корей елінің Ёнсе университеті жанындағы «Северанс» госпиталінің дәрігерлері Жезқазған қаласы Медициналық орталығының қызметкерлері үшін ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында кеңес береді.
Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Ёнсе университеті жанындағы «Северанс» госпиталі және «Severance-KZ халыақаралық медициналық қоры» қоғамдық қорының арасында жасалған меморандумның арқасында мүмкін болып отыр.
Үш жақты келісім сонымен қатар денсаулық сақтау саласына ең заманауи технологиялардың енгізілуін қамтиды. Сондай-ақ жергілікті медицина қызметкерлерін оңтүстіккореялық университет құрған арнайы бағдарлама бойынша оқытуды қарастырады.
- Біз осындай тығыз өзара секріктестік Қазақмыс компаниялар тобының және Жезқазған қаласының тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек сапасын жоғарылатуда алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік туындайтынына үміттенеміз, – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев.
Оңтүстік Корей елінің «Северанс» клиникасының негізі 1885 жылы қаланған жәнеде елдегі батыс медицинасының ең ескі клиникасы болып табылады. Ол оноколгиялық, жүрек-қан тамыры және ортопедиялық дерттерді емдеуде әлем бойынша ең алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып табылады. Оның құрамына 5 мамандандырылған орталықтар мен 60 бөлімшелер енеді. «Северанс» тікелей түрде Хопкинс университетімен серіктеседі.