Ағымдағы жылдың үш ай аралығында Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 0,2 төмендеді. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметнің брифингі барысында Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова мәлімдеді.
- Осы жылдың басында жұмыспен қамту пункттері ашылған болатын. Онда кез келген адам жұмыспен қамту немесе өз ісін ашу бойынша кеңес ала алады. Бүгінгі таңда 11 пункт жұмыс істеуде. Олардың барлығы бір терезе қағидасы бойынша жүмыс істейді – бір мезгілде мемлекеттік қызметтер және Кәсіпкерлер палатасының мамандарынан кеңес алады, - деп мәлімдеді Әсем Жүніспекова.
Оның айтуынша, жұмыспен қамту пункттері өздерінің тиімділігін көрсетуде. Аз уақыт аралығында бұл бекеттерге 1966 адам келген. Бұған қоса, қалалар мен аудандарда жылжымалы Жұмыспен қамту пункттері ұйымдастырылған.
Сондай-ақ облыста 95 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті. Оларға 1522 жұмыс берушілер қатысты. Жәрмеңкелерде 24656 бос жұмыс орындары ұсынылған.
- Бұл шаралардың барлығы бізге жұмыссыздық деңгейін қысқартуға мүмкіндік берді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ол көрсеткіш 0,2% төмендеді және бүгінгі таңда 4,5% құрап отыр, - Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова.