Федоров су қоймасындағы айналып өту арнасының көпірі бұзылған жоқ

Федоров су қоймасындағы айналып өту арнасының көпірі бұзылған жоқ

Қарағандыда Федоров су қоймасындағы айналып өту арнасының көпірі еріген қар суы жүруінің салдарынан зақымданған жоқ.
Тексеру нәтижесінде үйіндінің бір бөлігі сәл бұзылғаны анықталған.
Жақын арада, ауа-райы қолайлы болған бетте, көпір қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды Қарағанды қаласының баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Соқыр өзенінің бойында топырақ себу жұмыстары жүргізілді Қалыпқа келтіру жұмыстарына 20 адам және мердігер ұйымдардың техникалары жұмылдырылды.
Оқиға орнында жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Соқыр өзенінің суы тұрғын үйлерді алып кетеді деген қауіп жоқ.