Қарағандыда «Жас қанат-2019» облыстық байқауы өтеді

Қарағандыда «Жас қанат-2019» облыстық байқауы өтеді

2-3 сәуірде Кеншілер мәдениет сарайында жас орындаушылар мен шоу бағдарламалар жүргізушілерінің облыстық «Жас қанат-2019» байқауы өтеді. Биылғы жылы байқау Қазақстанда жарияланған Жастар жылына арналады.
Байқауға Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Ұлытау аудандары және Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан қатысушылар жиналады.
Байқау екі кезеңнен құралады. Гала-концерт және марапаттау салтанаты 3 сәуір 18.00 өтеді. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары қарағанды облысының намысын республикалық байқауда қорғайтын болады. Ол сәуірде елордада өтеді.